В. Маяковский атындағы Талдықорған қалалық орталық кітапханасында Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасымен бірлесіп философ, жазушы, журналист, халықаралық публицист, ақын, Қазақстанның белгілі қоғам қайраткері, әлемнің 17 елінің «Құрметті жазушысы» атанған БақытқожаТөлегенұлыРүстемовпен кездесу кеші ұйымдастырылды.
Іс-шараның шымылдырығын Талдықорған қалалық орталық кітапханасының директоры Сейтжанова Күлпан ашып, Қазақстанды шетелде таныту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жүрген халық дипломаты БақытқожаРүстемовтың қаламынан шыққан туындылары бүгінгі қазақ әдебиетінің құнды қазынасына айналғандығы туралы айтып берсе, Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының директоры Самал Шаяхметова өлкетанушы, публицист Азамат Ақылбеков және «Жетісу» газетінің меншікті тілшісі Медет Жұмабай туындыларына пікірлерін білдіріп, шығармашылығына табыс тіледі.
Шара қонағы өзінің өмірі мен жарық көрген шығармалары туралы қысқаш...
|